Snoop Dogg қазақстандық КешYOU тобымен бірге коллаборация жасамақ

Америкалық танымал рэпер әрі актер Snoop Dogg қазақстандық КешYOU тобымен бірге түскен сәтін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

КешYOU тобы қазір АҚШ-та түсірілім жасап жатыр. Желі қолданушылары топ Snoop Dogg-пен бірге коллаборация жасауы мүмкін екенін айтып жатыр.

Бұған дейін продюсер Баян Мақсатқызы топқа қатысты үлкен тосынсый бар екенін айтқан еді. Яғни КешYOU мен әлемдік жұлдыз коллаборация жасайтыны айтылды. Алайда бұған дейін бұл қандай жұлдыз екені ашық жария етілмеді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!