Ғалымдар адамның өз фотосы мен видеосын қайталап қарап, тіпті аудиосын тыңдай беруі қалыпты құбылыс екенін дәлелдеді. Адам осылайша басқалардың өзін қалай қабылдайтынын түсінуге тырысады екен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақында Bournemouth университетінің ғалымдары осы тақырыпта әлеуметтік зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде басқа адамның контентін бақылайтын адамға қарағанда өзі контент өндіретін адамдардың мазасыз болатыны және депрессияға жиі түсетіні анықталған. Өзі контент дайындайтын адамның өзі жариялаған дүниені қайта-қайта қарауы self-stalking деп аталады.
Өз хабарламасын қайта оқып, аудиожазбасын да қайтара тыңдайтын, тіпті әлеуметтік желідегі профилін күніне бірнеше рет қарайтын адамдардың бұл әрекетін ғалымдар қалыпты құбылыс деп есептейді. Себебі барлық адам осылай істейтіні анықталған.
"Біз пост жариялағанда алған реакцияларымыз арқылы мақұлдау аламыз және миымыз дофаминмен толады. Біз сол сезімді қайта-қайта алғымыз келеді, сондықтан сол сезімге бұрын жеткен орынға оралуымыз заңдылық", –дейді мамандар.
Зерттеу қорытындысы адамдар Instagram-дағы өз фотоларын көруге тәуелді емес, тек сол сәтте алатын сезім мен эмоцияға тәуелді деген қорытындыға келген.
Адам осылайша басқалардың өзін қалай қабылдайтынын түсінуге тырысады. Сондықтан хабарламаларды оқу және профильді шолып шығу "Мен кіммін?" және "Мен мұнда не үшін жүрмін?" деген сұрақтарға жауап берудің бір жолы ғана.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!