Шәкенти лақапатымен танымал актер Шәріп Серік сүйіктісімен түскен суреттер жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2020 жылы актер Шәріп Серік пен әнші Say Mo некесін қиған болатын. Алайда тойдан кейін бір ай өткен соң әнші ажырасу жайлы ойлап жүргенін айтты. Кейін ол актермен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді.
Ол әнші Say Mo-мен айырылысқаннан кейін біраз уақыт қарым-қатынаста болмаған. Алайда былтыр ол Әлия есімді қызбен көзге түсті. Бірақ ол кезде олар қарым-қатынастарын растамаған болатын.
Алайда кеше актер Шәріп Серік инстаграм-парақшасында сүйіктісімен суреттер жариялады.
"Мен сені сүйемін! Туған күніңмен!", - деп жазды актер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз