2014 жыл – оңтүстіккореялық компания үшін сәтті жыл болмаған көрінеді. Әсіресе, қаржы тұрғысынан...
Ағымдағы жылда Samsung компаниясы сатылымның жоғарғы деңгейін тұрақты түрде ұстап тұра алмады. Көрсеткіштер айтарлықтай азайып, табыстың шығынға ауысуы көп орын алған. Қаржының азаюы жалақылар мен қосымша сыйақылардың қысқаруына себеп болған. Осы орайда, компанияның бас директоры Джей Кей Шин де жалақыдан қағылып қалған болатын.
Дереккөздерге сенер болсақ, ол үш тоқсанда 630 мың АҚШ долларын алған. Оңай ақша емес, әрине. Бірақ осыған дейін Шин мырзаға төленіп жүрген жалақыны ($1,5 млн) ескеретін болсақ, аз болары анық.
Компанияның бас менеджері енді қарапайымдау өмірге бейімделіп, Samsung-тің табысын арттыруға тер төгетін болады. Samsung-ті дағдарысқа ұшырау алдында деп айту қиын. Бірақ соңғы есеп бойынша, компанияның табысы 60 пайызға дейін төмендеп кеткен.
Құрастырушылар тұтынушыны өз өніміне қалай қайта тартуды ойластырып жатыр. Смартфондағы келесі жаңалық – дөңес дисплей болуы мүмкін. Ал компанияның ендігі сенімі – Galaxy Note Edge смартфоны болмақ.
Сурет: android-winfeq.ru