Samsung пен Apple мамандарға таласып қалды

Ұялы телефондар шығаратын Samsung пен Apple компаниясы арасында тағы жанжал шықты. Кәріс компаниясы Samsung-та өте күрделі жобалармен жұмыс жасайтын бірнеше шебер, білікті маманды Apple өзіне қызықтырып, шақырып алды деп айыптады. Бұл туралы Корей БАҚ-тарына сілтеме жасай отырып Vesti.ru хабарлады, деп жазады inform.kz

Соңғы уақытта Samsung дыбыс пен суретті өңдеп, басқаратын күрделі жұмыстарды атқаратын бірнеше инженерінен айырылып қалған. Қызметкерлерді өзіне қызықтырып тарту үшін Apple компаниясы жалақыны көбейтіп, жыл соңында ірі төлемдер беруге уәде еткен көрінеді.

сурет: vse-novosti.info