Samsung өзінің ең жұқа смартфонын таныстырды

Samsung өзінің ең жұқа смартфонын таныстырды
Фото: www.technewstoday.com

Samsung компаниясы өзінің бүгінге дейін шығарған смартфондарының ішіндегі ең жұқа нұсқасын ресми түрде таныстырды. Galaxy A8 аппаратының қалыңдығы небәрі 5,9 миллиметр болып, Samsung Galaxy S6 Edge смартфонының 85%-ын қамтиды.

Galaxy A8 қазіргі нарықтағы ең жұқа аналог болып саналмайды. Қытайлық компаниялар Android оперативті жүйесі негізінде жұмыс істейтін жұқа өнімдерін ұсынып үлгерген. Атап айтсақ, Gionee Elife S5.1 смартфоны – 5,1 миллиметр, Oppo R5 – 4,85 миллиметр және Vivo X5 Max небәрі 4,75 миллиметр қалыңдыққа ие.

Samsung жұқа смартфондардың майысуға бейім болуын ескеріп, Galaxy A8 девайсының корпусын металдан жасауды жөн көріпті. Ал гаджеттің техникалық мінездемесіне тоқтала кетсек, смартфон 5,7 дюймді OLED-дисплей (1080p) және 4G модулімен жабдықталған. Сондай-ақ, 8-ядролы Qualcomm Snapdragon 615 процессорына икемделіп, оперативті жады – 2 ГБ, ал қосалқы жады 16 Гб-ты құрап отыр. Корпустың негізгі бөлігін 16-мегапиксельді камера алады.

Galaxy A8 әзірге Қытай және Сингапур елдерінің нарығында сатылымға шығатын болады. Смартфонның нарықтағы бағасы – 3199 юань (шамамен 515 АҚШ доллары). Сарапшы мамандардың айтуынша, оңтүстіккореялық гаджеттің негізгі бәсекелесі Xiaomi Mi Note гаджетінен біршама қымбаттау болуы, жаңа смартфонының нарықтағы мүмкіндігін шектеуі мүмкін. 

Ж. Өрісбай