Samsung қызметкерлерінің жалақысы қысқарды

Samsung компаниясы соңғы кварталдық есепке орай рекордтық шығынға жол берді. Тамыздың соңы мен қарашаның басына дейінгі бағдарламамен қамту табысы өткен жылғы нәтижеден 60,5%-ға төмендеген. Нақтырақ айтсақ, $3,69 млрд қаржыға азайған.

Самсунг бұрын Apple компаниясы сынды өз қызметкерлеріне бонус ретінде сыйақылар төлеген болса, енді мынадай нәтижеден кейін компания басшылары қысқарту жүргізуге мәжбүр болып отыр. Бұған дейін компанияның 2 мың топ-менеджерінің жалақысы қысқарған еді.

Сарапшылардың айтуынша, табыстың тым қысқарып кетуі Самсунгтің флагманды смартфондарына деген сұраныстың төмендеуінен болған. Оған Apple өнімінің рекордтық сатылымға жетуі де әсер етіпті.

Сурет: news.greetlane.com