Samsung квадракоптер мен 3D-принтер шығарады

Samsung компаниясы қашықтан басқарылатын дрондарды және 3D-басылым мен виртуалды шындықты дамытатын зерттеу тобын құрады. Жаңа зерттхана Samsung-тің мобильді бөлімінің құрамына кіріп, автономды тәртіпте әрекет етпек. Өткенде оңтүстіккорейлік компания виртуалды гарнитураны құру мақсатындағы Facebook-пен өзара келісімді жоққа шығарған болатын.

The Korea Times басылымының хабарлауынша, жаңа инженерлік топқа кіретіндер дербес әрі тәуелсіз тәжірибе жүргізуге мүмкіндік алады. Әзірге жобаның негізгі мақсаты анықталуда. Зерттеушілер жаңа технологиялардың адам өмірін жеңілдетуге қаншалықты пайдалы екенін ескеретін болады.

Бұл Samsung компаниясының бас директоры Би Кей Юн атап айтқан интернет құрылғылардың экожүйесін құру бағытындағы негізгі қадамы болмақ. Ол жаңа зерттеу жобасына ағымдағы жылда 100 миллион АҚШ долларын құюды жоспарлап жатқанын айтады. Сондай-ақ, Юн мырзаның айтуынша, алдағы бес жылда компанияның барлық өнімі біріккен негізгі платформаға ауысатын болады.

«Samsung-тің жетістігі – өнімдердің нарықтағы салыстырмалы бағасының бесекелеске қабілетті болуы. Дегенмен бұл ескі формула. Біз адам қажеттілігінің жаңа инновациялық даму мен қолда бар технологияны жетілдіру арқылы үнемі жаңа бағыт алып тұруымыз қажет», - дейді Samsung басшылығы.

Samsung компаниясының мобильді бизнесінен түсетін табысы смартфондардың нарықтағы сатылым деңгейінің төмендеуі есебінен азайып кетті. Әсіресе негізгі флагмандық өнімдері болған Galaxy S және Galaxy Note сериялы смартфондары да нарықтағы біршама үлесінен айырылып қалған еді. Расында Samsung қымбат бағалы сегмент шығаратын Apple мен арзан бағалы сегмент дайындайтын Xiaomi және Lenovo компанияларына бәсекелес бола алмады.

Естеріңізге сала кетсек, Apple компаниясының жүргізушісіз қозғалатын автокөліктерді шығаруға көшетіні туралы жазған болатынбыз. Купертинолық компанияның электрокөлік шығаруға Tesla Motors инженерлерін көптеп тартуына қарағанда, Apple iPhone-ды қойып, электрокөлік шығаруды мақсат еткен сияқты. Ендеше Samsung компаниясы да жаңа өндіріс саласына ауысуды жаспарлап жатыр.

Сурет: vk.com

Оқи отырыңыз: 

Samsung Wi-Fi қызметінің ең жоғары жылдамдығын ұсынады

Samsung Windows смартфондарына көңіл бөлмек

Samsung Galaxy Round смартфонының жарнамасы

Samsung Galaxy S6 смартфоны сатылымға қашан шығады?