- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Samsung компаниясының табысы...
Samsung компаниясының табысы тағы 30%-ға төмендеді
Оңтүстік корейлік компания 2015 жылдың бірінші кварталына қатысты қаржы есебін хабарлады. Компанияның жалпы табысы тағы да төмендеген. Дегенмен Samsung-тің мобильді смартфондар нарығы жаңа флагманды өнімдердің сатылымға шығуына байланысты өсіп келеді.
Компанияның жалпы табысы 47,12 триллион корей вонына (43 миллиард АҚШ доллары) тең болыпты. Оның ішіндегі таза түсім — 5,9 триллион вон (шамамен 5,4 миллиард АҚШ доллары). Ендеше өткен жылғы нәтижемен салыстырғанда жалпы өнім 10%-ға, ал таза түсім 30%-ға төмендеп кеткен. Бұл төмен табысын көрсететін компанияның алтыншы есебі болып отыр.
Жоғарыда айтылған есепке орай, компанияның мобильді бөлімі смартфондардың сатылымы өскенін көрсетеді. Samsung мұны GALAXY A линейкасындағы жаңа смартфондардың нарықта жоғары сұранысқа ие болып жатқанымен растайды. Дегенмен бұл жалпы өсімді қамти алмайды. Себебі компанияның планшеттері мен қарапайым телефондары нарықтан шет қалып қоюда.
Оңтүстік корейлік алып мобильді нарықта 2,74 триллион корей вонына (шамамен 2,5 миллиард АҚШ доллары) жеткен. Ал ол алып өндірушінің орташа бюджетті сегменті болып қала береді.
Корейлік технология алыбы келесі кварталдағы табыс көрсеткішінің GALAXY S6 мен S6 edge смартфондары есебінен өсетініне сеніммен қарап отыр. Ал компанияның 2015 жылдағы негізгі нарығы дамушы Қытай мен Үндістан болмақ.
Ж. Өрісбай