Оңтүстіккорейлік компания өз бақталасы Apple компаниясына сыни көзқарасын білдіруден ешқашан кенде қалған емес. Жуырда таныстырылған, дегенмен әлі сатылымға шығып үлгермеген iPhone 6 смартфоны мен iPhone 6 Plus фаблеті жаңа үлкен дисплейге ие болғандығын кәрістер сынға алып, жарнама роликтерін шығаруды жалғастырып жатыр.
Кезекті рет, олардың негізге алғаны силикондық компанияның негізін салушы Стив Джобстың былай деп айтқан сөзі болып шықты. «Ешкім ешқашан үлкен телефонды сатып алмайды», - деген болатын кезінде Джобс.
Аталған фразаны Стив Джобс 2010 жылдың маусым айында iPhone 4 смартфонының сигнал беру проблемаларына қатысты баспасөз мәслихатында айтқан еді. Сондай-ақ, Джобс сол кезде 4,3 дюймді дисплейге ие Motorola DROID X смартфонын сынаған да болатын.
Жалпы тұрғыдан айтқанда, Самсунг өз жарнама роликтерінде және твиттерінде Apple-дің Джобс алға қойған идеялардан алшақтап бара жатқанын алға тартады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/oxhSnNZH3Rk","width":"450","height":"350"});
Бәрімізге белгілі, Apple iPhone 5s, Apple iPhone 5c және Apple iPhone 5 смартфондарының дисплейлері 4 дюймнен асқан емес. Ал одан ерте шыққан нұсқалары тіптен кіші еді.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.macrumors.com