Samsung Electronics компаниясы жартылай өткізгіштерді дайындайтын жаңа зауытқа 15 миллиард АҚШ долларын жұмсайды, деп хабарлайды The Wall Street Journal.
Жаңа зауыт Оңтүстік Кореяда салынып, енді компания жартылай өткізгішті құрылғыларға көбірек мән беретін болады. Оған әлемдік нарықтағы смартфондар жарысы уақыт өткен сайын күрделі әрі қиын болып баратындығы түрткі болып отыр.
Сеул маңынан құрылыстың дайындық жұмыстары келесі жылдың басынан қолға алынады. Ал зауыттың өзі 2017 жылдан бастап толық өнім өндіруге көшеді.
Сарапшылардың айтуынша, бұл Samsung компаниясы үшін өте ұтымді әрі табысты бағыт болмақ. Осылай компания смартфондар жарысында көш бастауды мақсат еткен көрінеді. Дегенмен, әзірге оған қатысты нақты еш ақпарат ресми жарияланған жоқ.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: hightech.letitbit.net