Samsung Galaxy А9: 4 камераның құдіреті

Samsung Galaxy А9: 4 камераның құдіреті
Фото: massaget.kz

Малайзиядағы презентацияда Samsung компаниясы Galaxy А9 смартфонын таныстырды. Бір қызығы, жаңа құрылғы 4 негізгі камераға ие.

А9 Samsung-тың орта сегменттегі басты смартфоны атанды – бағасы Galaxy A7-ден қымбат, бірақ Galaxy S9 бен Galaxy Note 9 флагмандарынан арзан, десе де, А9 дизайны қымбат модельдердікіне ұқсас.

2200х1080 анықтықтағы Super AMOLED дисплейінің диагоналі – 6,28 дюйм (15,9 сантиметр). Барлық флагмандар сияқты А9 “Always on Display” функциясына ие. Ол арқылы сағат, хабарлама сияқты бір қарап көруге болатын ақпараттарды смартфонды “оятпай-ақ” көруге болады.

Жақында ғана шыққан Galaxy А7 моделіне қарағанда А9-ға орнатылған 8 ядролы Qualcomm Snapdragon 660 чипі әлдеқайда қабілетті. Бұл орта сегменттегі ең қуатты процессор, одан мықтылары тек Snapdragon 855 және 710. Батарея сыйымдылығы да қанағаттанарлық – сағатына 3800 мА. Дегенмен Samsung А9-дың басты ерекшелігі – негізгі 4 модульді камералары.

Бірінші модуль суретке 24 мегапиксель қанықтықтықта түсіреді, диафрагмасы f / 1.7 (OIS). Біраз режимде дәл осы модуль қолданылады. Оптикалық стабилизациясы жақсы, бірақ сипаттамалары Galaxy S9-ға қарағанда әлсіз.
Кеңбұрышты екінші модуль 8 мегапиксельден тұрады. Кескін бұрышы – 120 градус, f /2.4. Бұл модуль көп немесе үлкен объектілерді сыйдырғанға жақсы, яғни панорама режимінде қолданылады.
Қосалқы үшінші модуль 5 мегапиксельге (f /2.4) ие. Оның негізгі қызметі – сурет фокусын қадағалау.
Телефото-объектив саналатын төртінші модуль 10 мегапиксельге (f /2.2) ие, ол 2 есе оптикалық зумды қамтамасыз етеді.

Фронтал камера болса, 24 мегапиксельде түсіреді.

Көп қолданушы 4 негізгі камераны маркетингтік амал деп бағалап жатыр, расында 4 камера қамтыған функциялар мен сипаттамаларды 3 модульге де сыйдыруға болатындай.

Massaget.kz