Samsung компаниясының смартфондары тұтынушылардың көңілінен шығып жатыр.
Оңтүстіккореялық компания АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өзінің жаңа Note 5 және Galaxy S6 Edge+ смартфондарын ресми түрде таныстырды.
Samsung Galaxy Note 5 аппараты Android 5.1 Lollipop платформасының жаңартылған нұсқасымен жұмыс істейді. Смартфон камерасы 2560x1440 пиксель. 5,7-дюймді Super AMOLED-дисплеймен жабдықталған. Ал 8 ядролы процессордың көмегімен гаджет жылдам жұмыс істейді. Оперативті жады – 4 гигабайт, қосалқы жады 128 гигабайт. Аппарат салмағы – 171 грамм.
Note сериясын шығатын смартфондардың фирмалық S Pen стилусы енді күрделі функцияларды орындауда қолданылады. Сонымен қатар, дисплейдің блогын ашпай, жаңа келіп түскен хабарламаларды көруге болатын функция қосылған. Оған қоса, Samsung компаниясы Galaxy Note 5 смартфонына сыртқап әрі пернетақта қызметін атқаратын әмбебап аксессуар ұсынды.
Galaxy S6 Edge+ смартфонының техникалық құрылымы толығымен Note 5 флагманымен сәйкес келеді. Тек өнімнің дисплейі дөңес кейіпте жасалған. Жаңа Edge көлемі 154,4x75,8x6,9 мм, салмағы 153 грамм тартады.
Смартфонның дөңес экранына байланыс нөмерлері мен түрлі қосымшаларды жүйелеуге болады. Сонымен қатар, YouTube видеохостингінен тікелей трансляция жасайтын жаңа функция қосылған. Тағы бір айырмашылығы Edge+ флагманында S Pen стилусы жоқ. Сондықтан, Samsung компаниясының Galaxy S6 Edge+ смартфоны Apple-дің iPhone 6 Plus аппаратына тікелей бәсекелес болады.
Samsung смартфондары халықаралық нарықта 21 тамызда сатылымға шығады. Ал бағасы әр елдің нарығына байланысты әртүрлі болады. Дегенмен, халықаралық нарықтағы бағасы әзірге нақты көрсетілмеді.