Samsung Apple өнімдерінің 80%-ын процессормен қамтамасыз етеді

2016 жылда Apple логотипімен шығатын смартфондар мен планшеттердің 80 пайызына процессорды оңтүстіккореялық компания дайындайтын болады, деп жазады The Korea Times. Ал қалған пайыздық бөлігі үшін силикондық компания Тайваньның TSMC фирмасына тапсырыс береді.

Әдеттегідей процессорларды құрастырумен Apple инженерлері айналысады. Бірақ жеткілікті мөлшерде шығару межесі Samsung пен TSMC компанияларына беріледі. Егер Apple өнімдері келісілген тапсырыстан да көп процессорды қажет ететін болса, америкалық GlobalFoundries компаниясы көмек қолын созуға дайын тұратын болады.

Сонымен қатар, Samsung компаниясы өзінің процессорларын Qualcomm, Nvidia және Sony компанияларына ұсынуды жоспарлап жатыр. Егер аталған келісімшарттар сәтті өтетін болса, оңтүстіккореялық компания процессорлардан түскен табысты смартфондар нарығына жұмсай алатын болады.

Сурет: toranjcomputer.ir