Белгілі сарапшылар Наталья Зубаревич пен Қуаныш Жайықов Қазақстанның өсу нүктесі мен болашағын талқыламақ. 10 ақпанда Астанада SöZ Astana Public Talk талқылау алаңының кезекті жиыны өтеді.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, әлеуметтік-саяси география саласындағы белгілі маманы Наталья Зубаревич пен экономист, DESHT Institutional Transformation Group талдау орталығының жетекшісі Қуаныш Жайықов "Қазақстан 2024: өсу нүктелері мен перспективалары" тақырыбында сөз қозғайды.
Бұл тақырып жайдан-жай таңдалған жоқ. Көз алдымызда болып жатқан кадрлық тағайындаулар мен институционалдық өзгерістер Қазақстанның экономикалық өсуіне бағытталған терең трансформацияны көрсетеді.
Кездесу барысында спикерлер билікті орталықсыздандырудан бастап Қазақстан мен Ресейдің солтүстік аймақтары арасындағы шекаралық сауданы тереңдетуге дейінгі кең ауқымды мәселелерді талқылайды. Билікті орталықсыздандыру аймақтық дамуды ынталандыруда үлкен роль атқаруы ықтимал. Дегенмен оны сәтті жүзеге асыру қатаң есеп пен бар кедергілерді еңсеруді талап етеді.
Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының шақыртуымен келген Наталья Зубаревич, Ресей мен Қазақстанды посткеңестік аймақтағы көшбасшылар ретінде дамуын бірнеше рет салыстырғанын атап өткен жөн.
"Қазір Қазақстанда уникал жағдай: экономикалық өсу бала туу көрсеткішінің өсуімен қатар жүріп жатыр. Бұл алға қарай жылжу үшін тарихи мүмкіндік", - деді ол 2023 жылғы қыркүйекте.
Сонымен қатар, Зубаревич 2019 жылы Астананың қарқынды дамуынан кейін өңірлерге назар аудара бастаған Қазақстанның "деңгейлендіру" саясаты туралы бірнеше рет айтқан болатын. Ресейлік ғалым Қазақстанда аймақаралық теңсіздік деңгейінің, соның ішінде көптеген көрсеткіштер бойынша әлеуметтік теңсіздік деңгейінің тұрақты түрде төмендеп келе жатырғандығын атап өтті.
SöZ Astana Public Talk аясында Наталья Зубаревич пен Қуаныш Жайықов 2024 жылы Қазақстандық өсудің еңбасым нүктелерін анықтауға көмектесетін тәжірибелерімен және әдістерімен бөліседі және алдағы бірнеше жылда елімізді күтіп тұрған перспективаларды қарастырады.
Бұл іс-шара Астанада Мәңгілік Ел, 41/1, "Орта қоғамдастығы" шығармашылық алаңында сағат 17:00-де өтеді.
Билеттерді мына сілтеме арқылы сатып алуға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!