Кеше Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шығып, бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері төтенше жағдайда тұрғындар қалай әрекет ету керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Алматы ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков терезеден секірген адамдар қате жібергенін, өрт кезінде ең бастысы - сабыр сақтау екенін мәлімдеген болатын.
"Өрт шыққан кезде, біріншіден, сабыр сақтау керек. Оның орнына 101-ге, 112-ге хабарласу керек. Мүмкіндігі болса, көршілерге хабарлау қажет. Ал әрі қарай қауіпсіз жерге шығу керек. Адамдар қорыққаннан секірген. Оның орнына құтқарушылар келгенше, есіктерді жауып, түтін кіретін жерлерді дымқыл шүберекпен бітеп, таза ауа кіретін жерде болған дұрыс", - деді Алматы ТЖД өкілі Данияр Жүсіпов.
Көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққан жағдайда тұрғындар қалай әрекет етуі керек?
ТЖМ инструкциясын жариялады:
"Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай, ал кішкентай жалын үлкен қиындыққа айналуы мүмкін!" - деп ескертті ТЖМ өкілі.
Еске салайық, кеше Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.
Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды.
Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз