Қазақстандықтар алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасап жатыр. Тараған аудио хабарламада "SIM картаның қызмет ету мерзімін ұзартуды" ұсынатын адамдарды алдау схемасы жайлы айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Пайдаланушылардың айтуынша, алаяқтар адамдарға қоңырау шалып, өздерін ұялы байланыс операторларының қызметкері ретінде таныстырып, оған SIM картаның мерзімі аяқталғаны және оны ұзарту үшін көрсетілген сілтеме бойынша өту керек екенін айтады. Осылайша, алаяқтар банктердің қосымшаларына, ресми аккаунттарға және басқа да жеке мәліметтерге қолжеткізеді.
Ресейлік БАҚ осындай алаяқтық схемасы туралы 2022 жылы жазған. Ол кезде "сим-картаны қолдану мерзімін ұзарту" үшін SMS-пен келген кодты айту керек болды. Осылайша, адамдар өздерінің жеке деректерін алаяқтарға беріп қояды.
Мұндай алдау әдістері туралы 2023 жылы да БАҚ-та хабарланды.
"Алаяқтардың құрбаны болмас үшін, SIM карталарының жарамдылық мерзімі жоқ екенін және банктік немесе дисконттық болсын, басқа карталардың жарамдылық мерзімі әрқашан карталарда жазылып тұратынын естен шығармаған жөн. Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер, сондай-ақ, әңгімелесуші өзін банк немесе оператор компаниясының қызметкері деп таныстырса да, телефонға келген SMS-кодтарды, парольдерді, логиндерді немесе өзге де деректерді хабарламаңыздар", - деп жазды портал.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!