Павлодар облысының полициясы азаматтарға алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып жатқанын ескертеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алаяқтар Екібастұз қаласының 63 жастағы тұрғынын банк қосымшасының жеке кабинетіне кіру кодын алу үшін алдаған. Оған SIM картасының мерзімі аяқталатынын ескертетін қоңырау түскен. Жаңарту үшін хабарламадан кодты көрсету сұралыпты. Кейін қоңырау шалушылар әйелге шамамен 3 миллион теңге несие рәсімдеді.
Яғни абонентке ұялы байланыс операторынан қоңырау түседі, ол SIM картасының жарамдылық мерзімі аяқталғанын хабарлайды. Жаңарту үшін SMS кодты атау сұралады. Алаяқтар азаматтарды "карта бұғатталады, нөмір жойылады және қолданушылар ештеңені қалпына келтіре алмайды" деп сендіреді. Егер адам бұл кодты алаяққа айтса, онда ол өз кабинетіне кіруге рұқсат береді.
"Әрі қарай алаяқтар қоңыраулар мен SMS-ті басқа нөмірге немесе SIM-картаның виртуалды телнұсқасына бағыттайды. Осыдан кейін банктер несиелік ұйымның жеке кабинетіне кіруді растайтын кодты енгізуді сұрағанда, хабарлама қаскүнемдердің нөміріне жіберіледі. Көбіне алаяқтар қысқа, жасырын немесе шетелдік нөмірлерден қоңырау шалады", - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полициясының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!