SCAT әуе компаниясымен жаңа көкжиектерге: Сауд Арабиясына ұшамыз

SCAT әуе компаниясымен жаңа көкжиектерге: Сауд Арабиясына ұшамыз

2024 жылғы қыркүйек айы қазақстандық саяхатшылардың жаңа көкжиекті бағындыратын кезеңі деуге болады: SCAT әуе компаниясы Сауд Арабиясына рейстерін бастайды. Жылдағы дәстүр бойынша, биылғы күзде де Умраға баруға ниетті әуе жолаушылары көп болары анық. Расында, бұл ел – жай ғана картада белгіленген бір жер емес, сізге тарихы тереңде жатқан, қасиетті, қайталанбас табиғи ландшафттар әлеміне енуге мүмкіндік беретін ел.

Енді қасиетті Медина мен Джидда қалаларына Шымкент пен Алматыдан тікелей ұшуға болады.
2024 жылғы 14 қыркүйектен бастап, апта сайын Шымкенттен Мединаға - сейсенбі күндері, ал Джиддаға - сенбі күндері рейстер орындалады.

Алматы тұрғындары үшін де керемет мүмкіндік: 16 қыркүйектен бастап, Мединаға - әр дүйсенбіде, ал Джиддаға - бейсенбі күндері рейстер шығады.

Медина - әр тасы құнды, ежелгі дәуір тарихын сақтай алған рухани мекен. Бұл қасиетті жерге аяқ басу - ғасырлар бойы әлемнің түкпір-түкпірінен қажыларды тартатын ерекше күшке ие атмосфераға енумен бірдей. Мұндағы әр бұрыш киелі. Тарихы тереңде жатқан ұлы мұра дерсің.
Джидда - қарама-қайшылыққа толы қала. Дінге деген сенімі нық миллиондаған жандардың арманы - Меккеге апаратын қақпа осы Джидда. Ежелгі және қазіргі уақыт ерекше үйлесімділік тапқан жер. Мұнда сіз көне жәдігерлерден бастап, заманауи зәулім ғимараттарға дейін – неше түрлі орындардың бәрін көре аласыз.

Сауд Арабиясы керемет ландшафтымен ерекше: шөлді төбелері мен әсем тау жоталары, Қызыл теңіздің шексіз жағалауы... бәрі де ғажап! Сауд Арабиясына саяхаттау - жаңа көкжиектерді ашуға, мәдениеті мен дәстүрін танып-білуге және тек кітаптардан оқыған жерлерді көруге тамаша мүмкіндік!

Қазақстан азаматтары Сауд Арабиясында 90 күнге дейін жүруге мүмкіндік беретін 1 жылдық мерзімге көпреттік онлайн виза рәсімдей алады. Визаның бұл түрі туризмге немесе қажылыққа арналған (қажылық маусымынан бөлек). Виза құнына сол елде жүретін барлық уақытқа жарамды міндетті медициналық сақтандыру енгізіледі, бұл шарт қазақстандық туристер үшін өте ыңғайлы және сапардың қауіпсіз өтетініне кепілдік.

SCAT әуе компаниясы сізді осындай ғажап жерлерді көруге шақырады. Қызықты сапарға шығып, қайталанбас сәттерге куә болыңыз және өзіңізге жер бетіндегі ең ерекше мекеннің біріне саяхат сыйлаңыз.

SCAT-пен бірге Сауд Арабиясына ұшыңыз және бортқа жасаған алғашқы қадамнан басталатын ерекше саяхаттың сиқырын сезініңіз!

Scat әуекомпаниясы ұсынған материал

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина