Reuters агенттігі Владимир Путин мен Дональд Трамптың Аляскадағы кездесуінде талқыланған Украинаға қатысты "бейбіт жоспардың" егжей-тегжейін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басылым дерегінше, әңгіме территория алмасу мен Киевке қауіпсіздік кепілдіктерін ұсыну туралы болған. Бірақ толыққанды келісімге қол қойылғанша атысты тоқтату қарастырылмаған.
"Бейбіт жоспардың" негізгі тармақтары:
Киевтің ұстанымы
Украина Донецк облысынан шегінуден бас тартып отыр. Киев бұл аймақты елдің қорғанысы үшін стратегиялық маңызды деп есептейді және ешқандай жағдайда берілмейтінін мәлімдеген.
Трамптың сөзі және дипломатиялық қадамдар
АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында Путинмен территория алмасу мен қауіпсіздік кепілдіктерін талқылағанын, "көп мәселеде келісім барын" айтты. Дегенмен соңғы шешім Киевке тиесілі екенін жеткізді. Сондай-ақ, алдағы аптада ресейлік мұнай сатып алушыларға қарсы тарифтер тақырыбына қайта оралу мүмкіндігін атады.
Украина президенті Владимир Зеленский 18 тамызда Вашингтонға Трамппен келіссөздерге барады. Бұған дейін америкалық лидер Зеленскиймен сөйлесіп, Еуропа серіктестерін де Мәскеумен байланыс барысынан хабардар еткен.
Белгісіздік деңгейі
Reuters деректеріне сүйенсек, сарапшылардың айтуынша, бұл ұсыныстар Мәскеудің тек бастапқы сауда позициясы ма, әлде соңғы, қатаң шарттары ма – ол әзірге анық емес.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!