Regional Advertising Forum: Неге қазақтар телеарнаны қарайды?

Digital-трансформациясы бүкіл әлемде жарнама индустриясының қарқынды дамуына түрткі болды. Аудиторияның онлайн-форматтағы контенттерді қолдануға жаппай көшуі және экономиканың барлық салалары үшін жаңа цифрлық шешімдерді іздеу Қазақстандағы БАҚ пен жарнаманың дамуына қуатты серпіліс берді.

Бірақ баспа газеттеріне digital форматына "көшу" оңай болса, ал теледидар жаңаша ойлайтын аудиторияны сақтап қалу және өзіне барынша тартудың жолдарын іздеуі керек.

"Әрине, жалпы дәстүрлі телекөрілімнің миграциясы байқалады, оған бәрімізге белгілі факторлар әсер етеді. Біздің елдің аудиториясы жасарып келе жатыр. Қазір кез келген адам қолындағы смартфон арқылы ақпаратты қабылдап, контентті тұтынудың ыңғайлы әдістерін таңдайды. Интернетке, түрлі гаджеттер мен қызметтерге қолжетімділік те артып жатыр"- деп атап өтті бас директор Әния Байоразова Қазақстанның жарнама индустриясына 500-ден астам қатысушысы қатысқан еліміздегі ең ірі Regional Advertising Forum (RAF 2023) жарнама форумында сөйлеген сөзінде.

Ол "Теледидар – монетизацияның жаңа тәсілдері мен мүмкіндіктері" атты панельдік талқылауының спикері ретінде былай деді:

"Дегенмен Қазақстанда қазақтілді контенттердің аз болуына қарамастан көрермен телеарнаны таңдап отыр. Бізде ғана емес жалпы әлемде теледидар YouTube және әртүрлі ақпарат алу қызметтері үшін жоғары сапалы контент өндіруші болып қала беретінін де естен шығармаған жөн".

Жетінші арнадан басқа талқылауға тағы бір республикалық телеарна НТК өкілдері қатысты. Сессияға қатысушылар жарнама берушілермен олардың қажеттіліктерін ескере отырып жұмыс істеу тәсілдерімен бөлісті. Бұл қазақ тілінде сапалы ойын-сауық контентін құру, аудиторияның ауқымын ұлғайту, digital-ды қолдау арқылы демеушілік интеграцияларын әзірлеу, ТВ форматтарында брендтерді креативті және жан-жақты етіп көрсету қажеттіліктері болды.

"Біз аудиториямен күні бойы және кез келген жерде қарым-қатынас жасай аламыз, себебі теледидар көруден әлдеқашан алшақтап кеттік. Көрермендеріміздің ыңғайына қарай "Жетінші арнаның" YouTube-інде 5 тақырыптық арнасы ашылған. Арналарымыздағы жазылушылар саны 3,7 млн-нан асып, әлі де өсіп келеді" - деп қосты Әния Байоразова.

"2023 жылдың алғашқы 9 айында жазылушылардың өсуі 480 000-ға жуық болды, ал YouTube арналарының бейнелері 275 миллион қаралым жинады. Арналардағы орташа қаралымның уақыты 15 минуттан кем емес. Сондай-ақ контенттерді көбейту үшін Instagram, TikTok және Facebook парақшаларын аштық. Қазіргі таңда біз Қазақстан телеарналары бойынша TikTok-та нөмір біріншіміз - деп атап өтті Әния Байоразова.

Одан басқа "Жетінші арна" ТВ+Digital+SMM моделі бойынша Интернет-ресурстарда демеушілік мүмкіндіктер мен интеграцияларды сатуды дамыту үшін өз бөлімшесін ашты және отандық контент құру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Сондай-ақ Әния Байоразованың сөзіне мән берсек, "Жетінші арна" отандық және шетелдік брендтермен ынтымақтастыққа әрдайым ашық.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!