Әнші Raim мен Ерке Есмаханның жаңа туған сәбиіне есімді кім қоятыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.
Әншілердің баласына қандай есім беретіні әзірше белгісіз. Дегенмен бұл құрмет Raim-ның әкесі мен анасына берілген екен.
Еске салайық, бұған дейін әнші Raim мен Ерке Есмахан ұлды болғанын хабарлаған едік.
Бұл туралы Raim-ның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Аль-Хамду ли-Ллях! Қош келдің, ұлым!", - деп жазды әнші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!