Өзінен 12 жас үлкен Ерке Есмаханмен некесін қидырған белгілі әнші Raim Желіде сынағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақ елі, былтырғы қаңтарға қарағанда биылғы қаңтар қуанышты ғой. Былтыр соғыс болып, адам өліп, еліміз, жеріміз қанға боялғанын ұмыттыңыздар ма?
Әр адамның өткен-кеткені бар. Өздеріңіз мінсіз адамдай, артымызға неге сонша түсіп алдыңыздар? Іздесек әрқайсыңыздың кем тұстарыңыз бар. Пендешілікке салынбаңыздар", - деп жазды әнші жігіт.
Оның айтуынша, адамның айтқаны емес, Алланың дегені болады және некелі отбасының ортасына намысы, тәрбиесі, қасиеті жоқ есі кеткен адам ғана түседі.
"Біз некеміз қиылған жанұямыз. Намыс, тәрбие, қасиет жоқ есі кеткен адам ғана отбасының ортасына түседі. Сондай адамның қатарынан болып, Алланың қаһарына қалмаңыздар.
Естігілеріңіз келсе айтайын. Біз шаршадық. Өнерден, өмірден айырылсақ та, махаббатымыздан айырыла алмайтынымызды нық білеміз. Өтініш тоқтатыңыздар!", - деп толықтырды әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!