RaiM мен Ерке шетелге жиі саяхаттайды, бренд заттар сатып алады. Отбасын асырау үшін RaiM-ның қандай қызметпен айналысып жүргені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
RaiM Еркені асырау үшін бургер таратып жүр. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.
"I am RaiM" деп аталатын жаңа жобасын әнші "Нағыз біздегідей - ол күн күйіп тұрғанда шәй ішу, нәрлі бургерлер және @imrestaurants-пен менің ынтымақтастығым" деп таныстырған.
"I’M мейрамханасына келіңіздер, мен сіздердің тапсырыстарыңызды және өз қолтаңбамды таратамын. 10 шілде Алматыда, 11 шілде Астанада боламын. Кездескенше!", - деп хабарландыру жасады RaiM өзінің парақшасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!