Telegram-дағы QirSabyn (Кір сабын) арнасының ісімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл дерек бойынша ҰҚК Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Бопсалау) бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп жазылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында.
QirSabyn - Қазақстанның саясаткерлері, блогерлері мен атақты адамдары туралы жеке ақпаратты жариялаған аноним Telegram арна.
2024 жылы 18 желтоқсанда Астана мен Қарағандыда QirSabyn Telegram арнасына қатысы барлар ұсталды. Олар шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялап, ақша бопсалаумен айналысқан деген күдікке ілінді.
Telegram арна әкімшілері сот санкциясымен қамауға алынды.
Еске салайық, бұған дейін Сенат спикері Мәулен Әшімбаев QirSabyn әкімшілерінің ұсталуына байланысты пікір білдірді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!