QirSabyn Telegram-арнасының әкімшілері қамауға алынды

Бас прокуратура QirSabyn Telegram-арнасы әкімшілерінің ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"18 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК және ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен және ҚМА-нің мамандандырылған бөлімшесімен бірлесіп, Астана және Қарағандыда QirSabyn Telegram-арнасы арқылы шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялау қаупімен ақшалай қаражатты бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды. Шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, техникалық құралдар, ірі көлемдегі ақша сомасы және өзге де заттай дәлелдемелер алынды", - деп хабарлады ведомство. 

Telegram-арнасының әкімшілері соттың санкциясымен қамауға алынды. 

"Қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатыр. Тергеу аясында өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!