- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Qazaq Stroy" компаниясы...
"Qazaq Stroy" компаниясы Оқушылар үйі қандай жағдайда ауыстырылатыны жайлы айтты
Qazaq Stroy компаниясы Алматыдағы Жамбыл көшесі 170а мекенжайында орналасқан №2 Оқушылар үйінің жаңа ғимаратының жобасы туралы айтты.
Оқушылар үйі орналасқан ауданда жөндеу жұмыстары жоспарына енген апатты үйлер бар. Апатты үйлердің орнына 600 орындық жайлы мектеп, 120 орындық балабақша, 2 мыңнан астам ағаш отырғызу, заманауи балалар және спорт алаңдары мен демалыс аймағы бар көпсалалы тұрғын үй кешенін салу жоспарланған. Жобаны жүзеге асыруды Qazaq Stroy компаниясы қолға алған. Ал №2 Оқушылар үйі үшін компания жеке жоба дайындайды.
Қазіргі таңда жаңа мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер заманауи талаптарға сай салынуда. Ал №2 Оқушылар үйі үшін жаңа жоба дайындалуда. Оған сай 2500 шаршы метрлік жайы бар ғимарат жеке кіреберіс есігімен толық әрлеуде дайындалады. Концепциясы мен техникалық шарттарын әзірлеу кезінде барлық қажетті талаптар ескерілетін болады. Салып, жабдықтап болған соң міндетті түрде халыққа, ата-аналарға, Оқушылар үйінің әкімшілігіне, әкімдікке ұсынатын боламыз. Егер жаңа ғимарат мақұлданып, көңілден шыққан жағдайда ғана ауыстыратын боламыз. Сонымен қатар, құрылыс салушы мен әкімді арасында келісімшарт жасалмаған. Ал меморандум заңды түрде міндетті құжат болып табылмайды, тек тараптардың ниеті ретінде қарастырылады, - деді Qazaq Stroy компаниясының басқарушы директоры Болат Ибрагимұлы.
Сондай-ақ қазір №2 Оқушылар үйі бұрынғыдай толыққанды жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
О. Сансызбай