Qazaq Oil мұнай базасындағы жұмысшының өртеніп кеткен сәті видеоға түсіп қалды

16 ақпанда таңғы сағат 10:50 шамасында Көкшетаудағы Qazaq Oil аумағындағы екі құйма эстакадасы жанып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 716.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт болған жерде жұмысшының денесі табылды. Марқұмның жеке басы анықталады. Өрттің себебі де анықталып жатыр.

Трагедия орнынан видеоны Petrocouncil.kz Telegram-каналы жариялады.

Өрттің ауданы 35 шаршы метр болған. Өрт сағат 11:05-те ауыздықталып, сағат 11:25-те сөндірілген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шегуі мүмкін екінші адам іздестіріліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!