Qazaq Air Татарстандағы жағдайға байланысты Ақтөбе – Қазан бағытындағы рейстерін тоқтатты

Qazaq Air Ақтөбеден Қазан бағытындағы рейстерді уақытша тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 05.04.2024 жылдан бастап Ақтөбе – Қазан – Ақтөбе бағыты бойынша әуе қатынасы уақытша тоқтатылады", - деп хабарлайды әуе тасымалдаушының баспасөз қызметі.

Жоспарланған әуе қатынасын қайта бастау кейінірек жарияланады.

Еске салайық, бұған дейін үш ұшқышсыз ұшақ Татарстанның Елабуга және Нижнекамск қалаларындағы кәсіпорындардың аумағына шабуыл жасағанын жазған едік.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, бір дрон зауытқа, екеуі студенттерге арналған жатақханаға соғылған.

Кейінірек Қазақстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі кейбір Telegram-каналдар таратқан "Татарстан Республикасындағы объектілерге шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар Қазақстан аумағынан ұшырылған" деген ақпаратқа қатысты түсінік берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!