2015 жылдың 28 тамызында Qazaq Air келесі бағыттар бойынша жаңа рейстерді іске қосады: Алматы - Павлодар - Алматы және Алматы - Шымкент - Алматы, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне сілтеме жасап.
Алматы - Павлодар бағытындағы ұшақ сағат 13.05-те ұшырылады, сағат 15:15-те қонады. Ал ұшақ Павлодардан сағат 16.45-те ұшырылса, Алматыға 18.55-те келіп қонады. Рейс аптаның 1, 3 және 5-күндері қатынайды. Тариф - 10419-27189 теңге аралығында. Алматыдаш Шымкентке қатынайтын ұшақ сағат 09.10-да ұшырылады, сағат 10.40-та қонады. Ал рейс Шымкенттен сағат 15.10-да шықса, Алматыға 16.40-та келіп қонады. Рейс аптаның 1, 2, 6 және 7-күндері болады. Тариф - 9998-22999 теңге аралығында.
Сонымен қатар, баспасөз қызметі қыркүйекте рейстер саны келесі бағыттар бойынша көбейетінін хабарлады: Шымкент - Қызылорда, Алматы - Қостанай, Шымкент - Ақтобе, Ақтобе - Қостанай және Ақтобе - Атырау.
Айта кетейік, 27 тамызда Qazaq Air әуе компаниясының Алматы-Астана бағыты бойынша алғашқы рейсі іске қосылады. Ұшу уақыты - 2 сағат 5 минут. Ұшақ сағат 21.10-да ұшырылады, сағат 23.15-те қонады. Осы бағыт бойынша тариф 9998 - 23999 теңге аралығында.
Компанияның әуе кемелері паркі қызмет көрсетілуі экономикалық сыныптағы сыйымдылығы 76/78 креслодан тұратын BombardierQ400 ұшақтарынан тұрады.
Еске сала кетейік, Qazaq Air әуе компаниясының таныстырылымы 6 шілдеде өтті. Шараға қатысушылар Qazaq Air компаниясының бірінші бортын көрсетті - Bombardier Dash 8 Q400 жаңа заманның екі қозғалтқышты турбовинт ұшағы.