QazVac вакцинасын ойлап тапқан Күнсұлу Закария Президенттің кеңесшісі болды

QazVac вакцинасын ойлап тапқан Күнсұлу Закария Президенттің кеңесшісі болды
Фото: gov.kz

QazVac вакцинасын ойлап тапқан Күнсұлу Закария Президенттің кеңесшісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Еске салайық, Күнсұлу Закария коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын әзірлеген ғалым ретінде танымал. Ол 2023 жылғы сәуір айынан бері Ұлттық ғылым академиясының президенті қызметін атқарды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан