- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Qarmet металлургия зауытында...
Qarmet металлургия зауытында жұмысшылар қайтыс болды: полиция тергеуді бастады
Теміртауда полиция Qarmet металлургиялық комбинатында жұмысшылардың қаза болу дерегі бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Теміртаудағы Qarmet АҚ аумағында болған жазатайым оқиға дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі бойынша "екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды.
"Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Еске салайық, 25 тамызда Теміртау Qarmet металлургиялық комбинатында мердігер ұйымның екі қызметкері қаза тапты.
Сағат 09:20 шамасында химиялық ұстау блогы ғимаратының шатырын бөлшектеу жұмыстары кезінде биіктікте техника қауіпсіздік ережелері сақталмай, салдарынан "Қазмеханомонтаж" ЖШС мердігерлік ұйымының екі қызметкері биіктен құлаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә