19 қазаннан бастап Қазақстанға тауар жеткізуді тоқтатқан платформа қайта іске қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Қазпошта" мәлімдеме жасады. "Қазпошта" баспасөз қызметінің хабарлауынша, Pinduoduo-ның уақытша жұмыс істей алмауына Қазақстан-Қытай шекарасындағы қиындықтардың қатысы жоқ. Сайттың жаңартуларына байланысты тасымал уақытша тоқтатылған.
Енді сәлемдемелерге Қытай бағытын таңдап, қосымша арқылы тапсырыс беруге болады. Жеткізу құны келісіне - 1834 теңге.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда танымал болған қытайлық маркетплейс Қазақстанға тауар жеткізуді уақытша тоқтатқан болатын.
Pinduoduo немесе PDD - әлемдегі ең үлкен маркетплейстердің бірі. Pinduoduo 2015 жылы ашылған. Штаб-пәтері Шанхайда орналасқан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз