- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- P.Diddy-дің Алматыға келуіне...
P.Diddy-дің Алматыға келуіне Сара Алпысқызы мен Нұрәлі Әлиевтің қандай қатысы болуы мүмкін?
Жақында адам сату, зорлаумен айналысты деген айып тағылған P.Diddy лақап атымен танымал америкалық рэпер 2011 жылы Қазақстанға келіп, балалар үйін аралағаны туралы дерек талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода P.Diddy Қазақстанға келгенде оны Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев ертіп жүргені байқалады. Рэперді әуежайдан күтіп алып, Алматыдағы балалар үйіне бірге барғанын дәлелдейтін фотосуреттер мен бейнежазба бар.
@tem.rlan 2011 год Алматы #pdiddy #kazakhstan🇰🇿 ♬ Prime Time - ByAstral
Желі қолданушылары сол жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызы қор құрып, балаларға қатысты жоба жасап жүргенін айтып, танымал америкалық рэпердің Қазақстанға келуін және Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиевтің рэпермен бірге жүріп-тұруын сынап жатыр.
Қазақстандықтар оның 2011 жылы Алматыдағы 2-балалар үйіне барғанын еске алды. Ол кезде P.Diddy балаларды Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтауға келген болатын. Сапар барысында ол балаларға теледидар, караоке, өзінің компакт-дискілері мен Sean John брендінің 75 қалпағын сыйға тартқан.
Әлеуметтік желіде оның ұлттық нақыштағы киім киген қазақстандық балалармен бірге түскен суреті де жарияланды. Тіпті P.Diddy Facebook-тегі парақшасында Қазақстан халқына алғыс айтып, жазба жариялаған.
Арада 13 жыл өтсе де, әлеуметтік желі қолданушылары қазіргі таңда қызу талқыланып, істі болып жатқан рэпердің 2011 жылы Қазақстанға келіп, балалармен кездесуіне алаңдаушылық білдіріп жатыр. Кейбірі тіпті бала саудасына қатысты күдігін ортаға салған.
Еске салайық, P.Diddy лақап атымен танымал америкалық рэпер, музыкалық продюсер Шон Комбсқа адам сату, зорлау, өлтіру бойынша айып тағылды. Өнер иесі 17 қыркүйекте ұсталды. Кейін әлеуметтік желіде рэперге қатысты мәліметтер мен оның жабық кештеріндегі былық туралы айтыла бастады.
Оның бұрынғы сүйіктісі Кассандра Вентура рэпер бірнеше жыл бойы оған физикалық және сексуалдық тұрғыда зорлап, оның жеке және кәсіби өмірін бақылауда ұстағанын айтты. Кейін Кассандра Вентура рэпердің үстінен арыз түсірді, алайда келесі күні екеуара келісімге келіп, әйелге 30 миллион доллар төленгені белгілі болды.
Бұдан кейін P. Diddy-дің үстінен аноним қыздардан бірнеше арыз түскен. Олар да рэпер қысым көрсетіп, зорлағанын алға тартқан.
Шомбсты тек әйелдер емес, танымал өнер иелері де айыптай бастады. Биыл ақпанда музыкалық продюсер Lil Rod Джонс оны жалдамалы секс-қызметкерлермен интим қатынасқа түсуге мәжбүрледі деп сотқа берді. Кейін тексеріс нәтижесінде оның үйінен баланың денесіне арналған мыңға жуық май табылған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева