Қазгидромет он бір қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"3 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ, түнде Астанада ауа райы қолайсыз болады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз