OTAU TV операторы желілік хабар тарату тізімінен ресейлік телеарналары алып тастау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tv-com.kz-ке сілтеме жасап.
"Жаңа жылдан бастап компания басшылығы жаңалық тарататын шетелдік арналардың үлесін біртіндеп қысқарту туралы шешім қабылдады. Оның орнын ойын-сауық, фильм және танымдық сипаттағы рейтингі жоғары телеарналар басады. Оның ішінде қазақстандық телеарналар да бар: тек биыл TVCOM пакетіне 19 қазақстандық телеарна қосылды", - деп жазылған хабарламада.
Нәтижесінде OTAU TV "Первый канал СНГ", "Поехали", "Время: далекое и близкое", "Дом кино", "Телекафе", "Дом кино Premium", "Музыка Первого", "Победа", "Карусель", "Бобер", "О!" ресейлік телеарналарды хабар тарату тізімнен алды.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!