- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "OLX сияқты жұмыс...
"OLX сияқты жұмыс істейді". СІМ өкілі жер сататын қытайлық сайттар туралы айтты
Сыртқы істер министрлігі өкілі жер сататын қытайлық сайттар туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Осы хабарландыру бойынша, әрине, Қытай тарапымен жұмыс жүргіздік. Бейжіңдегі елшілігіміз Қытай Сыртқы істер министрлігіне жеткізді. Біз де Астанада орналасқан Қытай елшілігіне жеткіздік. Бұл сайт біздің OLX сияқты жұмыс істейді, кім қаласа, сол жарнама жариялайды. Сол нөмірге қоңырау шалынды, ол жұмыс істемейді", - деді СІМ өкілі.
Министрлік өкілі хабарландыру жалған екенін, сондықтан арандату болуы да мүмкін екенін мәлімдеді.
"Азаматтарымыздан мұндай хабарландыруларға сенбеуін сұраймыз. Сол күні Ауыл шаруашылығы министрлігі Конституцияға сәйкес жер сатылмайтыны, жалға берілмейтіні туралы мәлімдеме жасағанын білесіздер. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Кейінгі үш аптада - сапарға дейін және сапардан кейін әлеуметтік желілерде ақпараттық дау басталғанын байқаған боларсыздар. Қазір олай емес, кенет бәрі тоқтады", - деп қорытындылады Смадияров.
Еске салайық, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілі жер учаскелерiн шетелдіктерге беруге қатаң тыйым салынғанын айтқаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова