Заңсыз ойын бизнесіне қатысты күдікке ілінген адам Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық OLIMP.KZ букмекерлік кеңсесінің қызметіне байланысты қылмыстық топқа қатысты деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін шетелден экстрадицияланды.
"Әйел 2014-2019 жылдары қылмыстық топ құрамында заңсыз құмар ойындарды өткізуге, салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтаруға, сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысқан деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Салдарынан мемлекетке 86,7 миллиард теңгеден аса шығын келтірілді. Соған орай соталды тергеу басталып, халықаралық іздеу жарияланған.
Биыл мамырда ол Германия аумағында ұсталды. Қазір күдікті Астананың тергеу изоляторына қамалды.
Бұл қылмыстар үшін мүлкін тәркілеу, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!