- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Nokia нарыққа қайтып...
Nokia нарыққа қайтып оралудан ресми түрде бас тартты
Финдік смартфон өндіруші компания осыған дейін 2016 жылы нарыққа қайтып оралуы туралы хабар таратқан болатын. Енді Nokia басшылығы бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарып отыр. Бұл Nokia Networks саласының анонимді қызметкерлері таратқан ақпаратқа ресми жауап ретінде айтылған. Белгілі болғандай, Nokia брендімен 2016 жылға қарай ешқандай өнім нарыққа шықпайды.
Microsoft компаниясымен жасалған ортақ келісімге орай, 2016 жылға дейін Nokia компаниясы аталған брендпен дербес компания ретінде өнім құрастыруға құқығы жоқ. Сондай-ақ, финдер виртуалды шындыққа қатысты жоба туралы тараған ақпаратты да жоққа шығарды.
Естеріңізге сала кетсек, бағдарлама құрастырумен айналысатын Microsoft корпорациясы Nokia компаниясының смартфондар бөлімін сатып алғаннан (7,5 миллиард АҚШ доллары) кейін Nokia Lumia брендін Microsoft Lumia атауына өзгерткен болатын. Әзірге Nokia компаниясы өзінің бағыттық жүйеге ие сандық карталар жасаумен айналысатын Here саласын ғана иемденіп отыр. Ол 2,1 миллиард АҚШ долларына бағаланған.
Ғаламтордағы ресми емес ақпараттарға жүгінер болсақ, Nokia-ның Here саласына Apple, Amazon, Alibaba және Facebook сынды интернет алыптары мен авто өндіруші концерндер қызығушылық танытуда екен.
Ж. Өрісбай