Ninety one тобындағы Alem әке атанды

91 тобының солисі Alem әке атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалығын әншінің әйелі Вероника Жанғалова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Қолымыздан келді. Кеше ұлымыз дүниеге келді", - деп жазған ол. 

Желі қолданушылары мен топтың жанкүйерлері құттықтап, пікір қалдырған. 

"Бауы берік болсын!" "Өзім туғандай мәз болып отырмын", "Құтты болсын!" "Анасы тез қалпына келсін", "Кеше ғана өзім кішкентай жанкүйер едім, бүгін Alem-нің әке атанғанын көріп жатырмын. Неткен бақыт десеңші. Бақытты болыңыздар! Иглз сіздер үшін қуанышты! Бауы берік болсын!" - деп жазған олар. 

Еске салайық, бұған дейін Ninety one тобының мүшесі Батырхан Мәліков (Alem) Qazaqstan телеарнасындағы "Мың бір түн" бағдарламасында әйелімен қалай танысқанын, оның ата-анасымен қарым-қатынасы туралы айтқан еді. 

Ерлі-зайыпты той жасамаған. Алайда болашақта бәрінің басын қосып, той жасағысы келеді.

"Той жасалған жоқ. Үйге алып барып, туысқандарға кішігірім беташар жасадық. Сонымен болды ғой. Сәті түсіп жатса, ыңғайлы болып жатса, неге той жасамасқа? Жалпы, өзім жасағым келеді. Туған-туысқандарды, достарды бәрін шақырып, той жасағым келеді. Бұл жаңалықты бөліскім келеді. Өйткені көбі біле бермейді", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!