Ninety one тобы "Бата" әні кімге арналғанын айтты

Ninety one тобы репертуарларындағы "Бата" әніндегі бата кімге арналғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы топ мүшесі Дулат Мұхаметқалиев "Жұлдыз" радиосының "Кешкі шоу" бағдарламасында айтты. Оның сөзінше, әндегі бата өздеріне арналған. 

"Біз компаниядан кеттік. Содан кейін дұрыс ниетпен жолымызды жаңадан бастайық деген ой болған. Сол оймен шығардық", - дейді Дулат. 

Айта кетейік, топтың "Бата" атты әні көпшіліктің көңілінен шыққан болатын. Әнде топ мүшесі Дулат жылдам темппен бата оқиды. 

"Батам-батам батпасын, сөзім жерде жатпасын,

Бастарың қатпасын, бәрібір сен қай жақтасың 

Достарың жақтасын, жауларың тапталсын,

Бауырларың сатпасын, ауылдарың шарықтасын,

Үнемі тиын болсын, қайтатын үйің болсын,

Жарыңда ми болсын, сүйінші жиі болсын,

Тілімде сый болсын, ойың БІРЕГЕЙ болсын,

"WOW" дейтіндей болсын, жай емес шіли болсын!", - делінген ән сөзінде. 

Бүгінде алты ай бұрын жарыққа шыққан ән YouTube-те 2,4 миллион қаралым жинап, 9 мыңнан аса адам пікір жазған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!