Ninety One тобының мүшесі Alem әріптесі AZ-дің қызуқанды мінезінің сырын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Alem бұл туралы "Ащы шоу" бағдарламасында берген сұқбатында баяндап берген.
"AZ шындығында көшеде қозғалып үйреніп қалған бала. Бірде әңгімелесіп отырып жерге түскені туралы айтты. AZ өзінен "Мен бұл өмірден не қалаймын?" деп сұрапты. Әртіс болғысы келетінін, рэпер болғысы келетінін түсінген соң осы жолмен ақша тапқысы келетініне көзі жеткен. Жай ғана өзіне сұрақ қойып, өзі жауап бере алған жігіт. Сөйтіп, қойшы бәрін таста деп көшедегі тірлігін тастады", - деп ағынан жарылды әнші.
Alem-нің айтуынша, топтағы ең сәнді киінетін, ең тез ашуланатын және өзіне ең сенімді жігіт те осы AZ болған екен.
"Арамызда ең сәнді киінетін де AZ еді. Жаңа киімдермен эксперимент жасап "ал мен былай киінемін" деп жаңалық шығарып жүретін. Бәріміз киінгенде AZ-ден "жарасып тұр ма?" деп сұрайтынбыз. Бірақ төбелеске келгенде оның басы жасамайды. Сол үшін AZ-дің жанында сенімді жүресің. Клубқа, сыртқа қыдыруға барғанда ұстап жүрмесең біреулермен тіресіп қалуы мүмкін. Ninety One тобына көп адам біртүрлі қарайтын еді ғой, ал AZ оны жақтырмайтын. Бізге бәрібір ғой, "жарайды, қоя салшы, айта береді" дейміз. Ал AZ көшенің баласы болған соң біреу келіп бірдеңе демей жай ғана қисық қарап тұрса да сезіп қояды", - деді досы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!