Nexta Telegram каналының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичке рақымшылық жасалды

Nexta Telegram каналының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичке рақымшылық жасалды
Фото: Белта

Nexta Telegram каналының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичке рақымшылық жасалды. Бұл туралы Белта Telegram каналы жазды.

Мамыр айының басында Минск соты Nexta Telegram арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичке қатысты үкім шығарды. Протасевич бірқатар қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Nexta соты 2023 жылдың ақпанында басталды.

"Айыпталушылар 1500-ден астам қылмыс жасады, соның ішінде қоғамдық тәртіпсіздікті ұйымдастырды, Беларуське қарсы санкциялар салуға шақырды, экстремистік ұйым құрды немесе оған жетекшілік етті, билікті басып алуға әрекет жасады" деген айып тағылған. Протасевичке 11 қылмыстық іс бойынша кінәлі деп табылған.

Протасевич 2021 жылы 23 мамырда Минскіде тұтқынға алынды, ол кезде беларусь диспетчерлері Афиныдан Вильнюске ұшатын Ryanair әуе компаниясының ұшағын мина дабылына байланысты әуежайға шұғыл қонуға мәжбүрлеген.

Кейін Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) тергеуі бомба туралы хабардың жалған екенін және оның Беларусь үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктерінің нұсқауымен экипажға жеткізілгенін анықтады.

Т. Раушанұлы