Сыртқы істер ведомствосы EXPO-2017 Комиссары, ҚР сыртқы істер министрі Рапил Жошыбаевтың жетекшілігімен қазақстандық делегацияның Америка Құрама Штаттарында бірқатар кездесу өткізді.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Вашингтонда EXPO-2017 Комиссары АҚШ президентінің арнайы көмекшісі - Ресей және Орталық Азия Ұлттық қауіпсіздігі кеңесінің директоры Селеста Уолландермен, АҚШ Мемлекеттік хатшысының кеңесшісімен, елші Дэвид Торнмен, АҚШ энергерика министрінің көмекшісі Джонатан Элкайндпен, сонымен қатар Ұлттық географиялық қоғамының басшыларымен, "АРПА-Е" агенттігімен, "Brands USA" туристік компаниясы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізген.
"АҚШ Ұлттық географиялық қоғамының вице-президенті Ричардсон "National Geographic" журналын жақын арада қазақ тілінде де шығару жоспарланғанын айтты", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Рапил Жошыбаев АҚШ-қа сапары кезінде "Honeywell" және "UnitedТechnologies Corp корпорацияларында болып, қазақ студенттермен кездесті.
Дереккөз: Тengrinews.kz