Ғалымдар Марста көлдер болған дейді. Бұл туралы NASA жазды. Мамандар мұндай шешімге Curiosity марсоходы жинаған тау жыныстарын зерттегеннен кейін келген.
"Марстағы Шарп тауының етегінде 3,8-3,3 жыл бұрын көл болған. Мұны сол жердің тау жыныстарын зерттегеннен кейін білдік. Кейін көл тартылып кеткен", - дейді NASA мамандары. Олардың айтуынша, көлдердің неліктен жоқ болып кеткенін анықтау үшін арнайы зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетелік, 28 қыркүйекте агенттік мамандары бұрын Марста судың болғанын дәлелдегенін хабарлаған еді.