NASA: Марста көлдер болған

NASA: Марста көлдер болған
Фото: feiss.be

Ғалымдар Марста көлдер болған дейді. Бұл туралы NASA жазды. Мамандар мұндай шешімге Curiosity марсоходы жинаған тау жыныстарын зерттегеннен кейін келген.

"Марстағы Шарп тауының етегінде 3,8-3,3 жыл бұрын көл болған. Мұны сол жердің тау жыныстарын зерттегеннен кейін білдік. Кейін көл тартылып кеткен", - дейді NASA мамандары. Олардың айтуынша, көлдердің неліктен жоқ болып кеткенін анықтау үшін арнайы зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Айта кетелік, 28 қыркүйекте агенттік мамандары бұрын Марста судың болғанын дәлелдегенін хабарлаған еді.

М. Бисембаева