2020 жылғы 13 мамырдағы Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігінің жаңартылған кредиттік талдауы бойынша АТФБанктің жергілікті және шетел валютасындағы депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингісін В2 деңгейінде жариялады. Банк ұзақ мерзімді рейтинг бойынша «тұрақты» болжамын сақтап қалды.
Агенттік есебінде былай деп берілген:«АТФБанктің ұзақ мерзімді рейтингтері тұрақты болжамда орын алды, ол актив сапасын тексеру нәтижесінің (AQR) оң кредиттік салдары мен капиталдандыруға дейінгі жоспар арасындағы теңгерімді, бір жағынан Қазақстанда орын алған коронавирустың, екінші жағынан мұнай бағасының құлдырауы және теңге бағамының төмендеуінің ықпалын да көрсетеді».
Агенттіктің қорытындысы банктің базалық кредиттік бағалауына негізделеді, ол «оның берік нарықтық позициясына және ортақ өтімділігіне бекітілген». Ол ҚР Ұлттық банкінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі ресми мәліметтері арқылы да расталған, соған сәйкес АТФБанктің реттегіш капиталы 287,3 млрд.тенгені, ал капиталдың жеткілікті болу коэффициенті k2 21,7% құрайды, ол консервациялық буферді ескере отырып қолданыстағы 10,0% деңгейіндегі нормативте белгіленген нормативтен 2 екі есеге дейін артық. АТФБанктің рейтингін бағалауда Moody's сарапшылары басқа пруденциалды нормативті – k1, сонымен қатар капиталдың жеткілікті болуын сипаттаушыны да ескерген. – Есепте ол «2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша консервациялық буфермен бірге нормативті минимумнан 7,5% аса отырып, 9,8% құраған». Басқаша айтқанда, АТФБанктің капитал деңгейі мен адекватты өтімділік деңгейі жеткілікті, ол өз кезегінде активтерін ұлғайта беруге мүмкіндіктер тудырады.
«Moody's агенттігінің біздің рейтингтерді және тұрақты болжамды сақтай отырып жасалған жаңартылған кредиттік талдауы біздің банктің коронавирус пандемиясы, мұнай бағасының құлдырауы және ұлттық валюта бағамының төмендеуі сияқты кері әсерін беретін бірнеше жағдайдың қатар орын алуына қарамастан тұрақтылықты сақтап қалғанын көрсетеді.» - деп атап өтті АТФБанктің Басқарма төрағасы Сергей Коваленко. – Бұл біздің ұзақ мерзімді даму стратегиямыздың беріп отырған жемісі, ол біздің банкте бірнеше жылдан бері іске асырылып келеді және бірнеше негізгі деген бағыттарға негізделген. Оларға активтер портфелінің сапасын тұрақты түрде жақсартып отыру, соның ішінде провизияларды қалыптастыру бойынша қабылданған белсенді шаралар, ішкі және сыртқы банктік процестерді диджитализациялау, сонымен қатар клиенттерімізбен берік серіктестік қарым-қатынас құра білу кіреді. Осылардың бәрі кешенді түрде кез келген уақытта, қиын кезде болсын, қалыпты кезде болсын клиент алдында барлық міндеттемелеріміз бойынша жауап беруге және реттегіштің нормативтеріне сәйкес келуде өзіндік нарықтық позицияны сақтауға, өтімді активтерді жеткілікті көлемде ұстап отыруға мүмкіндік береді».
Банк өзін қаржылық институт ретіндегі тұрақтылығын сақтау үшін барлық қажетті шаралардың қолдануда. Активтерінің сапасын жақсарту үшін ағымдағы жылдың 1 тоқсанында құнсыздану бойынша шығындарға банктің барлық пайдасының шамамен 90% жұмсаған, ол ақшалай 9 млрд.теңгені құрайды.
Банк шығындарын жою үшін буфер негіздері ретінде қайта капиталдандыру нәтижесі деп Moody's өзінің есебінде «2019 жылы АТФБанктің капиталының жеткілікті болуы нығая түскен: бірінші деңгейдегі капиталдың активтерге қатынас, тәуекелді ескере отырып, Базель ІІ жүйесіне сәйкес 2018 жылдың соңындағы 8,4% пайыздан 2019 жылдың соңындағы 9,7% пайызға дейін артқан. Осы жақсартылған көрсеткіш банк табысын капиталдандырумен байланысты» болғанын көрсетті.
Сонымен қатар, төтенше жағдай енгізілген бірінші күннен бастап банк төлем жасау бойынша қиыншылықтарға тап болған клиенттері үшін қолдау көрсетуге арналған дағдарысқа қарсы әрекеттерді бастап кеткен болатын. Атап айтсақ: қарыздар бойынша кредиттік демалыс беру және төлем мерзімін кейінге қалдыру, сонымен қатар төлем кестесін қайта қарау, кредиттерді жеңілдікті бағдарламалар және шарттар бойынша қайта қаржыландыру сияқты қосымша қолдау көрсету құралдарын пайдаланды.
Moody's сарапшыларының осындай пікір қалдыруына АТФБанктің жақында ғана аяқталған активтердің сапасын бағалау қорытындысы да өзіндік оң ықпалын берді, ол агенттіктің жаңартылған кредиттік талдауында айтылды: «AQR нәтижесі бойынша АТФБанк 2019 жылдың екінші жарты жылдығында шығындарды жою бойынша өзіндік буферлерді айтарлықтай нығайтқан. Банк акционерлері және реттегіштер арасында келісілген капиталды толықтыру жоспарына сәйкес олар бұрынғысынан нығая түскен.»
Дамудың тұрақты қарқыны арқасында «АТФБанк» АҚ Қазақстандағы ірі банктер қатарына кіреді. ҚРҰБ 2020 жылғы 1 сәуірдегі мәліметтеріне сәйкес АТФБанк активтерінің, кредиттік портфелінің және депозиттік портфелінің көлемі бойынша нарықтағы тиісінше 5,0%, 6,2% және 4,5% үлесімен 7 орынды иеленген.
Cеріктес материалы