Microsoft енді RT-планшет шығармайды

Бір апта бұрын Microsoft компаниясының RT-планшеттеріне арнап Windows 10 нұсқасының шектеулі түрін шығаратыны туралы жазған болатынбыз. Дегенмен, алып компания көп шығынды қажет етенін бұл тауардан толығымен бас тартуды ұйғарыпты.

Атап айтқанда, компанияның соңғы шыққан Lumia 2520 планшеті енді шығарылмайды.

"Біз енді Lumia 2520 гаджетін шығармаймыз. Дегенмен, бұған дейін шығарылып қойғандарын ресми дүкендерден сатып алуға болады", - дейді Microsoft компаниясының ресми өкілі.

Ескере кетейік, Lenovo, Asus, Samsung және Dell сынды өзге де өндірушілер Windows платформасы негізіндегі RT-планшетін шығарудан бас тартқан. Бұған бұндай планшеттердің аз сатылатыны себеп болып отыр.

Ал сарапшылар бұған Windows-RT платформасының күрделілігі мен қосымшаларының аз болуы негізгі себеп болғанын айтады.

Қазір көптеген планшет өндірушілер Intel чипін қолдануға көшкен. Және Windows 7 немесе Windows 8 платформаларын орнатуды бастаған. Одан бөлек, бірнеше апта бұрын ресми таныстырылған Windows 10 операциялық жүйесі кез келген аппаратқа қондырыла береді.

Сурет: droider.ru

Оқи отырыңыз:

Microsoft RT-планшетін қайтып шығармауы мүмкін

Ivvi – әлемдегі ең жұқа смартфон

Apple Watch қуаты 2,5 сағатқа жетеді

Apple Watch сағатының алтын нұсқасы үшін дүкендерге сейфтер орнатылмақ