Mojang компаниясы мен оның негізін қалаушы Маркус Перссон (Markus Persson) сәтті жетістіктерімен таң қалдыруды жалғастырып келеді. Компанияның виртуалды құрылымдағы Minecraft ойыны әзірге дейін Android және iOS платформаларындағы үздік ақылы ойындардың көшін берер емес.
Бірден әлемдік беделге ие болып, көзге түскен компанияны Microsoft корпорациясы меншіктеп алды. Ол компанияны сатып ала отырып, Minecraft ойынының франшизасы мен барлық құқықтарына да ие болып шықты. Сатылым бағасы 2,5 миллиaрд АҚШ долларын құрап отыр.
Бес жыл ішінде Mojang көптеген нәтижеге қол жеткізе алды. Компанияның өткен жылғы табысы 290 миллион АҚШ долларына дейін жеткен. Ал компаниядағы қызметкерлер саны небәрі 40 қана.
Microsoft корпорациясының баспасөз қызметіне берген мәлімдемесіне орай, енді Mojang софтверлі гиганттың Halo және Fable секілді жобаларымен айналысатын болады. Сондай-ақ, Minecraft ойынының үдерісі де тоқтап қалмайды. Корпорация оған да инвестиция бағыттауды жоспарлап отыр.
Кезінде Перссон үлкен бизнеске қарсы екенін айтқан болатын. Сонымен қатар, ол Марк Цукербергтің де ұсыныстарын қабылдамаған екен. Өзінің блогында жазғандай, Перссон келіссөздер аяқталғаннан кейін Mojang компаниясынан біржола кетіп, кішігірім веб-жобалармен айналысатын болады.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.bbc.com