Microsoft Office 2016 жинағы сатыла бастады

Microsoft компаниясының Office 2016 жинағы кеше, яғни 23 қыркүйекте саудаға қойылды. Компанияның бас директоры Сатья Наделланың айтуынша, ондағы бағдарламалар бір-бірімен тығыз байланысты, әрі жұмыс істеуге ыңғайлы.

Бағдарламаларды Windows-тың барлық операциялық жүйелерінде, iOS, Android және OS X жүйелерінде пайдалануға болады. Жинаққа Word редакторы, PowerPoint, Excel, OneNote бағдарламалары кіреді. Бағасына қарай кейбір пакеттерде Outlook, Visio, Project және Access бағдарламалары болады.

Жинақтың презентациясы 9 қыркүйек күні өткен еді.